$ 473.98  504.03  4.93
Жаңалықтар 23.08.2023 сағат 10:00

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады
Фото: Ақорда

Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының «БРИКС плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады, деп хабарлайды Ақорда. 

Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар