$ 439.43  473.31  4.82

Магистратураға грантқа түскендердің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бүгін жарияланады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.

Грант конкурсының қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми сайтында және телеграм арнасында (t.me/gylym_jogary_bilim) жарияланады.

Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары