Түркістан облысында суға батып кетіп, іздеуде болған мәйіттердің соңғысы су астынан шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар, - делінген хабарламада.
Еске салайық, 21 тамызда Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кеткен болатын. Олардың барлығы бір әулеттің өкілдері болып шыққан.
ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды.