23.08.2023, 17:00

Түркияда орман өртеніп, алты ауыл эвакуацияланды

Фото: Anadolu Agency
Тағы үш ауыл эвакуацияға дайын.

Түркияның солтүстік-батысында Чанаккале провинциясында 11 сағаттан бері орман өртеніп жатыр. 1 104 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы өртті әзірге бақылауға алу мүмкін болмай отырғанын хабарлады және билік барлық жағдайға дайындалып жатыр. Қазір алты ауыл эвакуацияланды, тағы үш ауыл эвакуацияға дайын. Өрт 1500 гектарды шарпыған. 7 үй толық өртеніп, 48 адам ауруханаға жатқызылды.

Түркия көлік және инфрақұрылым министрлігі орман өртіне байланысты Чанаккале-Кепез ауданында оңтүстік-солтүстік бағытқа жүзетін кемелер қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Қозғалыс екі бағыттан бір бағытқа айналды.

Өрт теңіз жағалауын шарпыған жағдайда Жағалау қауіпсіздігі бас басқармасының сүйреткіштері көмек көрсетуге дайын тұр, - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Тегтер: Түркия өрт