Қызылорда облысындағы жол апатына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Polisia.kz жазуынша, Бүгін, 23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болған. Тағы 3 адам жарақат алды.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.