$ 439.43  473.31  4.82

Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

 Қазақстандық Нұрлан Исатаев (55 келі) дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Нұрлан Исатаев дзюдодан жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда ол грузиялық Мераби Самадашвилимен кездесіп, қосымша уақытта қарсыласын қапы қалдырды.

Қазақстандық балуан жарыста іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаров (Түркменстан), Лиова Спариян (Армения), Янг Жонатан (АҚШ) секілді қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда тағы бір отандасымыз Оралбек Байзақтан басым түсті.

Ал қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова күміс алса, ұлдар арасында Оралбек Байзақ қола жүлдені еншіледі.

Еліміздің жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен медальдар кестесінде көш бастап тұр.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дзюдо