$ 443.37  474.49  4.83

Стамбұлда қазақ мейрамханасы ашылды

Мейрамхананың ашылуына жергілікті қандастарымыз бен Стамбұлда жүрген отандастарымыз жиналған.
Фото: e-history
Фото: e-history

Стамбұлдың тарихи орталығы Лалели шағын ауданында қазақ дәмханасы ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Qazaqstan арнасының хабарлауынша, бауырсақ пен қазы, қымыз бен қуырдақ ұсынатын мейрамхананың ашылуына жергілікті қандастарымыз бен Стамбұлда жүрген отандастарымыз жиналған. Ақсақалдар бата беріп, жастар ән айтып, кішігірім мерекеге айналды.

Атамекеннен алыста жүріп, ұлттық дәмді аңсаған қазақтар бұл жерде шәй ішіп қана қоймай бас қосып әңгіме-дүкен құрады.

Стамбұлдың дәл ортасында осындай қазақ дәмханасының ашылуы біз үшін де қуанышты жағдай. Ет жеп, сүтті шәй ішу үшін өзіміз де, достарымыз да бұл жерге енді жиі келіп тұратын боламыз. Қазақ дәмін аңсаған адамдар үшін өте жақсы болды. Жұмыстарына береке тілеймін!, – деді Стамбұл қаласының тұрғыны Рашида Юксел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары