$ 494.87  520.65  4.91

Атыраулық жасөспірім ұшақ бортында ерсі әрекетке барған

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жәсөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Атыраулық жасөспірімге әуе кемесі бортында темекі өнімін шеккені үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Air Astana әуекомпаниясының “Атырау – Алматы” бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды.

Ол ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында темекі өнімдерін тұтынған Атырау қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған құқық бұзушы заңды өкілдерінің қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1, 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жәсөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары