$ 494.87  520.65  4.91

Кентаудың экс-әкімі Аюпов 10 жылға сотталды

Мемлекеттік қызметте жеті жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.
Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz

Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рашид Аюповты 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлігінің б. тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануға, осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға үкім шығарды.

Ол 10 жылға сотталды. 

Рашид Аюпов 1997 жылғы редакцияда ҚР ҚК 28-бабының 4-бөлігі, 312-бабының 5-бөлігі көзделген қылмыс үшін кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР ҚК 41-бабының 3-бөлігі негізінде 1997 жылғы редакцияда мемлекеттік қызметте жеті жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалсын, - деді судья.

Аюповтан мемлекет кірісіне 1 911 теңге сомасында іс жүргізу шығындары және  сыбайлас жемқорлық қылмыстарының нәтижесінде алынған 422 млн 800 мың теңге қаражат өндіріп алынады.

Шешім айтылған соң судья Рашид Аюповтен шешімге қатысты сұрағы бар ма екенін сұрады.

Шынымды айтсам, мен басқа шешім күттім. Сізге Антикор мен прокуратура қысым жасады деп ойлаймын. Қандай сұрақтар болуы мүмкін? Істі көрдіңіздер, шындыққа сай келмеді. Мен шешіммен келіспеймін, - деді Аюпов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары