25.08.2023, 21:30

Атырауда Toyota Camry жүргізушісі мерт болды

Фото: instagram.com/police.atyrau
Сиырға, сосын жүк көлігіне соққан.

Атырауда сиырға, сосын жүк көлігіне соғылған Toyota Camry жүргізушісі мерт болды. Екі жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 24 тамызда болған.

Жергілікті уақытпен түнгі сағат 22:10 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы (Астрахань бағыты) тас жолының 430-шақырымы тұсында Toyota Camry автокөлігі әуелі жолдан өтіп бара жатқан сиырды қағып кеткен. Содан соң соққы екпінімен қарсы жолақта келе жатқан Mercedes жүк көлігімен түйіскен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 1988 жылғы жүргізушісі дене жарақатын алып, оқиға орнында мерт болды. Жеңіл көліктегі 2 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.