$ 442.05  474.14  4.74

Әскери міндеттілер әскери жиынға шақырылады

Жиынға Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері шақырады.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Әскери міндеттілердің әскери жиыны Гвардейск гарнизонындағы 22326 әскери бөлімінде өтеді. Оған 1500 адам қатысады, оның ішінде 189 офицер, 275 сержант және 1 036 сарбаз, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл шара ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 65-тармағына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті осы құжатты орындау үшін қорғаныс ведомствосы басшысының биылғы 28 наурыздағы «2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрығын дайындады.

Әскери міндеттілерге ұйымдастырылатын әскери жиындардың негізгі мақсаты – практикалық дағдыларға машықтау және оны жетілдіру, әскери даярлықты талап етілетін деңгейде және әскери міндеттілерді жауынгерлік әзірлікте ұстау.

Жоспарға сәйкес әскери міндеттілерді жиынға Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары