27.08.2023, 09:30

Алматыдан 428 км қашықтықта жер сілкінді

Фото: Sputnik
Сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 428 км қашықтықта - Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі Cейсмикалық стансалар желісі 27 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 04:11-де жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 428 км қашықтықта - Қырығызстан аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық класы 9.8. Магнитудасы 4.6. MPV. Эпицентрінің бағыты 40.88° с.е. 72.78° ш.б. жатыр. Тереңдігі 5 км.

Сезілуі туралы ақпарат жоқ.