«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының «Саран» шахтасындағы өртке қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кезінде Саран шахтасында 187 адам болған. Өрт 01:55-те басталған. Ол кезде шахтада 187 адам жұмыс істеген, төртеуі кенжарда болған.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысындағы тағы бір шахтадан өрт шықты
Өрттің шығу себептері анықталуда. Барлық адамдар шахтадан шығарылды, өрт таңғы сағат 04:00-де сөндірілді, - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» баспасөз қызметі.