28.08.2023, 10:40

Мәскеу әуежайлары жабылды

Фото: foto-ram.ru
Внуково мен Домодедовода 15-тен рейс кешіктірілді.

Мәскеудің Домодедово және Внуково әуежайларының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

28 тамыз, дүйсенбіге қараған түні әуежайлар ұшақтарды қабылдауды және жөнелтуді тоқтатты. 

Внуково мен Домодедовода 15-тен рейс кешіктірілді, –  деп жазды  РИА Новости.

Әлеуметтік желілерде аталмыш әуежайларда аспанда белгісіз немесе қауіпті нысандар табылған кезде енгізілетін "Ковёр" жоспары жарияланғаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Мәскеуде аптасына бірнеше рет ұшқышсыз ұшу аппараттарына байланысты әуежайлар жабылды. 26 тамызда Мәскеудің барлық әуежайы "Ковёр" жоспарының енгізілуіне байланысты  жабылды.

Тегтер: әуежай Мәскеу