$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде шетел азаматы қаза тапты

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: telegram.org/@POLICE_of_KZ
Фото: telegram.org/@POLICE_of_KZ

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

26 тамыз күні сағат 14:00-де MAN-TGX жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 24 жастағы Өзбекстан азаматы Самара-Шымкент автожолының Қызылорда облысының шекарасына жақын жерінде жолдың қарсы қозғалысқа арналған жағына шығып кеткен.

Сөйтіп Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматының басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Lada жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Оның кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақатпен Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала болжам бойынша, MAN-TGX жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары