Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
24 тамыз күні Наурызбай аудандық ПБ-на 25 жастағы қыз мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтып, арызданды.
Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды. Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды, – деп жазды ІІМ баспасөз қызметі
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.