31.08.2023, 01:30

Жібек Құламбаева Чехиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Фото: inform.kz
Ж.Құламбаева мен М.Кубка 6:0, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Прага (Чехия) ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 2-ракеткалары, чехиялықтар Доминика Салкова – Рената Ворачовамен сәтті өткізді.

Ж.Құламбаева мен М.Кубка 6:0, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Олар жартылай финалға шығу үшін украиналық Валерия Страхова – румыниялық Кристина-Андреа Митумен таласады.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады. Олар 2 сағатқа созылған тартысты кездесуде турнирдің 12-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей – жаңазеландиялық Майкл Винусқа жол берді – 6:7 (3:7), 6:7 (3:7).

Тегтер: спорт теннис