$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысының полицейлері ауаға қарудан оқ атқан азаматты ұстады

Тергеу жалғасып жатыр.
Фото: Telegram/POLISIA.KZ
Фото: Telegram/POLISIA.KZ

Оқыс оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тереңөзек ауылында болғаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық бұзушы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар бейнежазбадағы көлік иесі де анықталды. ІІО-ның есебінде жоқ газды қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр, делінген полиция хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары