$ 494.87  520.65  4.91

Жетісуда Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды шенеунігі пара алды деген күдікке ілінді

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Жетісу облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысын пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 31 тамыз күні мәлімдеуінше, шенеунік медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру жөніндегі қызметін жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды, – делінген Антикор таратқан хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары