Шымкентте топ адам төбелесіп, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мұны Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
25 тамызда кешке Тұран ауданының полиция басқармасына Шымкент қаласының Тельман шағын ауданында жергілікті тұрғынның мәйітінің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жолға шықты. 40 жастағы ер адамның мәйітін тексеру кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды, – делінген хабарламада.
Полицейлер бұл фактіні ҚК 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тіркеді.
Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты.