31.08.2023, 22:30

Ел тұрғындары қыркүйекте неше күн демалады

Фото: pixabay
Айта кетсек, қыркүйекте Қазақстанда бірнеше кәсіби мереке атап өтіледі.

Қыркүйекте қазақстандықтар әдеттегі сенбі және жексенбі күндері – барлығы тоғыз күн демалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл айда мерекелік даталар жоқ. Сәйкесінше, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл айда 9 күн демалады. Яғни, 2, 3, 9, 10, 16, 17, 23, 24 және 30 қыркүйек күндері – демалыс.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар қыркүйекте 5 күн демалатын болады.

Айта кетсек, қыркүйекте Қазақстанда бірнеше кәсіби мереке атап өтіледі:

Білім күні – 1 қыркүйек; Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі; Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі; Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек; Атом саласы қызметкерлері күні – 28 қыркүйек; Әділет органдары қызметкерлері күні – 30 қыркүйек; Машина жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі; Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі.