Самара-Шымкент тас жолында жүк көлігі өртенді. Нәтижесінде 20 тонна киім өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, киім тиелген жартылай тіркеме жолдың бойында жанып кеткен. Кейін өрт құрғақ шөпке тиіп, үш гектар жерді шарпыған.
Тауардың салмағы шамамен 20 тоннадай. Фураны 25 жастағы Қырғызстан азаматы тізгіндеген. Ол Мәскеуге қарай бағыт алған, - деп жазады "Мой город" порталы.