Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 18,4 миллион теңгеге сатып алғысы келген сыйлық жиынтығына қатысты тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сатып алулардың бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі көрсеткендей, осыған ұқсас жиынтықтардың орташа құны небәрі 3 500 теңге, яғни баға 525 373%-ға артық көрсетілген, – делінген хабарламада.
Антикор араласқаннан кейін басшылық сатып алу жоспарын нарықтық бағаға сәйкестендірді. Осылайша, 18,4 миллион теңгенің ұтымсыз жұмсалуының жолы кесілді.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бері облыстағы мемлекеттік органдардың сатып алулар порталына мониторинг жүргізу аясында 800 миллион теңгенің мақсатсыз жұмсалуына жол бермеді.