$ 495.2  522.34  4.94

«Мәселе шешімін табады»: Ардақ Назаров мектепте хиджаб кию жайлы

Мемлекет қандай шешім қабылдаса, азаматтар сол шешімге бағынуы керек.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Парламент палаталарының отырысының кулуарында мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты ойын айтты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл – жыл сайын көтерілетін мәселе. Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі зайырлы мемлекет екенімізді, заңға бәріміз бағынуымыз керек екенін айтты. Хиджаб мәселесі өз шешімін табады деп ойлаймын. Мемлекет қандай шешім қабылдаса, азаматтар сол шешімге бағынуы керек. Шешенстанға көшем деп жатыр деген пікірлер болса, әркімнің өз пікірі бар, өзі шешім қабылдайды. Америкаға барып тұруға да болады. Ол азаматтың өзінің пікірі, - деді Назаров.

Депутат азаматтар баласын қай мектепке берсе де құқылы, өз еркі екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары