Алматыда қол күресінен 44-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қазақстандықтар ересектер арасында сол қол бойынша 8 алтын, 12 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметі бойынша, додаға 52 мемлекеттен 1000-нан астам спортшы қатысып жатыр. Ел намысын 256 атлет қорғайды. Байрақты бәсеке ертең аяқталады.
Назарларыңызға бүгінгі күннің нәтижесін ұсынамыз (сол қол):
Алтын:
Ерлер
Ердәулет Нұрмахан (55 кг)
Мейрамбек Ерсаин (60 кг)
Ердәулет Сарыбай (65 кг)
Әлижае Мұратов (+110 кг)
Әйелдер
Назира Зиядулла (50 кг)
Оксана Письменная (65 кг)
Деши Дурсаева (80 кг)
Антонина Лисянская (+90 кг)
Күміс:
Ерлер
Ораз Басаров (55 кг)
Бекжан Қожантай (60 кг)
Тұрарбек Тұрғанбек (65 кг)
Михаил Нифонтов (80 кг)
Талғат Ақтаев (85 кг)
Ғалымжан Қарсыбаев (90 кг)
Айтбек Бекет (110 кг)
Борис Гапченко (+110 кг)
Әйелдер
Жанна Қазтуғанова (55 кг)
Евгения Гунько (70 кг)
Раушан Джаналиева (90 кг)
Садықжан Малена (+90 кг)
Қола:
Данил Устинов (70 кг)
Азамат Рахмет (75 кг)
Нұрдәулет Айдархан (80 кг)