$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін ауа райы қандай болады

Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Қазгидромет ел аумағында 3 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ түседі. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болады.

«Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақаталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі бар», - деп жазды синоптиктер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары