Әнші Мәдина Сәдуақасова оқырмандарын көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөліспек болғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көптеген әріптес қыздарымның жақсы жаңалықтарын естіп қуанып жатырмын. Өзім ұзатқан жас қыздар болсын қатарымдағы өзіммен жасты қыздардың да "тсс, ешкімге айтпай, жар салмай, аман-есен босанып алайын“ деп жүргендері де бар",- деп жазды Instagram-дағы парақшасында әнші.
Ол көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөліспек те болған.
Мен де осы уақытқа дейін үндемей, керемет қуанышты жаңалығыммен енді бөлісемін деп жүргенде ол болмай қалды. Жарайды… Әлі уақыт бар. Бұйырар. Барлық сәби күтіп жүрген қыз-келіншектерге дені сау, он екі мүшесі түгел бөпелеріңізді аман-есен босанып алыңыздар. Ең керемет құттықтау осы ғой, шіркін. Бұйырсын,- деп жазды Мәдина Сәдуақасова.