Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың бизнес орталықтарының бірінде болған атыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды
Ulysmedia.kz жазуынша, орталық қалалық клиникалық ауруханаға екі науқас түскен.
Бірінші науқастың басында жарақаты, маңдай сүйегінде сынығы бар. Сол аяғына оқ тиген. Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Басына ота жасауға дайындық жүріп жатыр, – делінген хабарламада.
Дәрігерлер оның жағдайы қазір тұрақты екенін айтты. Екінші науқас ауыр жағдайда іш қуысына оқ тиген жарақатпен түсті.
Ауыр дәрежедегі құрсақішілік қан кету. Постгеморрагиялық ауырсынатын шок. Оң қолдың аймағында оқ жарақаты бар. Ішек тұтастығын қалпына келтіру және іштен қан кетуді тоқтату үшін шұғыл операция жасалды, - деп атап өтті ведомство.
Мамандардың айтуынша, екінші науқас хирургия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр және тұрақты.