$ 439.4  473.54  4.76

Euro 2024: Қазақстан және Финляндия кездесуіне төрешілер белгіленді

Қосалқы төреші де румыниялық Марцел Бирсан.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан және Финляндия кездесуінде қызмет атқаратын төрешілер белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан және Финляндия кездесуі 7 қыркүйекте елорда уақытымен 20:00-де «Астана-Арена» стадионында өткізіледі.

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бас төреші - румыниялық Раду Петреску. Оған отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де румыниялық Марцел Бирсан.

Айта кетсек, Раду Петреску бір жыл бұрын Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының Беларуське (2:1) кездесуінде қосалқы төреші қызметін атқарды.

Қазақстан мен Финляндия қазірге дейін бес мәрте кездесіп үлгерді. Оның біреуінде тең нәтиже тіркелсе, төртеуінде финляндиялық футболшылар жеңіске жетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары