Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.