$ 494.87  520.65  4.91

Абай Құнанбайұлының төте жазумен жазылған кітабы табылды

Төте жазуды ешкім оқи алмаған соң, оған ешкім мән бермеген болуы мүмкін.

Абайдың арабша жазылған кітабы Қызылордадан табылды. Жинақ 1982 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейіне өткізілген. Содан бері ол зерттелмей, мекеме қорында шаң басып жата берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төте жазуды ешкім оқи алмаған соң, оған ешкім мән бермеген болуы мүмкін дейді мамандар. Дегенмен жақында музейдің ғылыми хатшысы бұл жәдігерді зерттеу мақсатында ғалымдардың талқылауына ұсынған. Қазір өлкетанушы Жұмабай Байзақ өлеңдер жинағының қазақша тәржімасын жасап жатыр. Кітап 13 бөлімнен тұрады. Жинаққа ақынның «Масғұт» поэмасы мен 66 өлеңі, аудармалары енген. Ұлы ақынның көне кітабы 1922 жылы "Қазан" баспасынан шыққан деген болжам бар, деп жазады «Хабар 24».

Мысалы, «қыс» деген сөз екі әріптен «ҚС» деп жаза салған. «Жанына» деген сөзді «жнн» деп жаза салған. Дауысты дыбыстар түсіп қалады. Бұл - арабтың алфавитіндегі бір ерекшелік. Дауысты дыбыстарды қаракетпен белгілейді. Бұл енді сол үрдіске сүйеніп, Байтұрсыновтың төте жазуы пайда болмай тұрған кезінде жазылған қолжазба деп есептеймін, - дейді өлкетанушы Жұмабай Байзақ.
Музей қорында жалпы 2005 жылы қайтадан рестоврациядан өткен ғой. Одан кейін зерттелмеген. Биыл біз  музей қорынан алып, оны зерттеп отырмыз. Өйткені, бізде қазіргі уақытта сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында 150-ден астам кітаптар мен қолжазбалар бар. Биыл сол жұмысты бастағаннан кейін осы кітап қолымызға тиді, - деді Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Асхат Сайлау.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары