07.09.2023, 09:40

Түркістан облысында 5 жасар қыздың жантүршігерлік өлімі бойынша сот отырысы басталды

фото: әлеуметтік желіден
Сот процесі басқа облыстағы тергеу изоляторының аумағында өтеді.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды қорлап-зорлау және өлтіру дерегі бойынша сот процесі басталды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы заңгер Талғат Есімов өзінің Telegram-арнасында жазды.

Атышулы істі қарау кезінде сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кез келген оқиғаның алдын алу мақсатында сот процесі басқа облыстағы тергеу изоляторының аумағында өтеді. Менің жеке ұстанымым – бір ғана үкім шығарылуы керек, яғни сотталушыны өмір бойы қоғамнан оқшаулауға тиіс, - деп жазды адвокат.

Кей ақпарат көзі күдіктіге үкім бүгін шығатынын хабарлаған.