07.09.2023, 10:40

Ресейдің Сбербанкі карта нөмірі бойынша Қазақстанға ақша аударуды тоқтатты

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
Бұл ақпаратты Қазақстанның бірнеше банкі растады.

Ресейлік Сбербанк Қазақстанда Visa және MasterCard төлем жүйелерінің карталарына ақша аударуды іске қосып, бір күннен кейін қайта тоқтатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

5 қыркүйекте ресейлік Сбербанк Қазақстанға Visa және MasterCard төлем жүйелерінің карталарына аударымдарды бастады, бірақ 6 қыркүйекте ақша аударуды тоқтатып, клиенттерге қаражатты қайтара бастады. Қазақстанға аударылған ақша қазақстандық банктердің карталарына түспеген.

Ең ірі ресейлік банктің клиенттеріне ақшаны бес жұмыс күні ішінде "комиссиямен қайтаруға" уәде берді. Сбербанк қазақстандық несие ұйымдары аударымдарды қабылдамағанын айтып отыр. Бұл ақпаратты Қазақстанның бірнеше банкі растады.

Ресей Федерациясына қарсы халықаралық санкцияларға байланысты ресейлік банктердің клиенттері әлемнің көптеген елінде Visa және Mastercard карталарына ақша аудара алмай отыр. Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияда Сбербанк клиенттері ақшаны ұлттық төлем жүйелерінің карталарына аудара алады.