$ 494.87  520.65  4.91

Енді зиратта бос орынның бар-жоғын әкімдіктің сайтынан білуге болады

Бұйрық жобасы 21 қыркүйекке дейін көпшілік талқысында болады.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Жерлеу және зираттарды күтіп ұстаудың жаңа ережелері бекітілмек, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

«Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден әрбір қайтыс болған азаматты немесе тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде 6 м2 болатын, бірақ 8,1 м2 аспайтын жер учаскесін тегін бөледі. Зират қорымының аумағы зираттар қатарына бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасында.

Сонымен қоса жаңа талапқа сай, енді Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстың әкімдігі мына қызметтерді көрсетуге міндеттеледі:

- зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу деректерін (мәліметтерін) жинақтайды;

- жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт талаптарының сақталуын бақылайды;

- зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастырады.

Бұйрық жобасы 21 қыркүйекке дейін көпшілік талқысында болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайт #зират