$ 494.87  520.65  4.91

«Балаларды шаға ма деп қорқамыз»: Оралдықтар дабыл қақты

Дезинфекция қызметін шақырсақ, олар қызмет құны 15 мың теңгеден жоғары болатынын айтты.
Фото: “Мой город”
Фото: “Мой город”

Оралда тұрғындар көпқабатты үйдің кіре берісінде улы қарақұрттардың қаптағанын айтып шағымдануда. Олар күн суыса улы жәндіктер үйге кіріп кете ме деп қорқатындарын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Кердері көшесіндегі No140 көпқабатты үйдің тұрғындары улы қарақұрттардың тұқымын анықтауға тырысуда, деп жазады “Мой город” порталы.

Біз шара қолдану үшін ҚСҚ-ны шақырдық. Бірақ олар көмектен бас тартты. 109 қызметіне қоңырау шалдық - олар да бас тартты. Дезинфекция қызметін шақырсақ, олар қызмет құны 15 мың теңгеден жоғары болатынын айтты. Көршілер мұндай соманы жинағысы келмейді. Енді не істейміз? Күн суыса, қарақұрттар пәтерлерге кіріп кетеді. Балаларды шаға ма деп қорқамыз, – деді көпқабатты үйдің тұрғыны Алина.

Тұрғындардың айтуынша, қарақұрттар подъезде көбейіп үлгерген. Ірі өрмекшілер төбеге тор тоқып сонда ұялаған. 

Орал қаласының әкімдігі бұл үйде дезинфекция жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Жертөлелер мен кіреберістерді дезинфекциялауды ҚСК жүргізеді, - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары