$ 495.2  522.34  4.94

Алматыда қызылша жұқтырғандардың саны артқан

Ол миға, тыныс алу жолдары мен, өкпеге қатты зақым келтіреді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматы қаласында жыл басынан бері 1217 адам қызылшамен тіркелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ал еліміз бойынша жыл басынан бері 4825 адам қызылша жұқтырған, деп мәлімдеді "Хабар24" Денсауық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Ауырғандардың көбі бала. Науқастардың дені, ауруға қарсы екпе салдырмаған. Астана, Шымкен қалалары мен Жамбыл және Алматы облыстарында да, осы ауру дендеп тұр.

Қызылша жылдам таралатын дерт. Ол миға, тыныс алу жолдары мен, өкпеге қатты зақым келтіреді. Мамандар қызылшаның жалғыз емі, вакцина екенін айтып отыр.

Қазіргі жағдай біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша қызылша ауруының өршігені байқалады. Күнтізбе бойынша бір жас және мектепке баратын алты жасында осы қызылшаға қарсы вакцина алуы керек. Егер 10 адамның ішінде 9 адам 90 пайызы вакцина алмаған болса ауырады, дейді Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Әсемгүл Абатова
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары