Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Игорь Санджиевке қатысты шешімді жариялады, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Сот Игорь Санджиевтің БҚО принужұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарсы жазған талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды. Қаулыға екі ай ішінде БҚО мамандандырылған ауданаралық соты арқылы әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағым беруге болады. Санджиевтің БҚО әкімдігіне шағымдану туралы талап арызы қайтарылсын. Он жұмыс күні ішінде сотқа жеке шағым беруге болады, - деп түсіндірді судья.
Судья Альбина Әбілкәрімова сот актісі неліктен қабылданғанын түсіндірді.
Сот нәсіліне, ұлтына, дініне, азаматтығына, белгілі бір топқа мүшелігіне немесе саяси көзқарасына байланысты қудалау қаупі жоқ деп тапты. Арыз беруші ешбір партияның немесе діни ұйымдардың мүшесі емес. Ресей Федерациясының билігі тарапынан қудалауға ұшырамағаны анықталды, - деді судья.
Игорь Санджиев соттың мұндай шешім шығаруына негіз жоқ деп есептейді. Осы уақытқа дейін ол әділдік орнайды деп үміттенген.
Мәселе Ресей азаматтарына үлгі болуда емес. Қазақстан билігі босқын мәртебесін бермей отыр. Бірақ Қазақстан босқындар құқығы туралы халықаралық конвенцияға, азаматтардың бостандығы туралы пактке қол қойған. Қазіргі уақытта таза ресми түрде сот шешіміне шағымдануға құқығым бар. Бірақ үмітім аз. Айтайын дегенім, сот мені қудаланып жатқан жоқ деді, бірақ олай емес. Сондықтан Ресейге қайта алмаймын. Украинада соғысудан бас тартқаным үшін маған қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Ал мені бүгін-ертең депортациялап жіберуі мүмкін», - дейді Санджиев.
Айта кетейік, Ресей азаматы Игорь Санджиев былтыр Ресейде мобилизациямен әскерге алынған. Ал 2023 жылдың наурызында әскери бөлімнен қашып кеткен. Сайқын ауылының тұсындағы шекарадан өтіп, Оралға жеткен. Сөйтіп ер адам Қазақстаннан босқын мәртебесін беруді сұрап, Украинадағы соғысқа барудан және бейбіт тұрғындарды өлтіруден бас тартқанын мәлімдеді. Алайда БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы оның өтінішінен бас тартты.
Бұл шешіммен келіспеген Игорь Санджиев басқарманы сотқа берген. Ол басқарманың заңсыз шешім қабылдағанына сенімді және соттан оның күшін жоюды сұраған. Содан кейін Санжиев ЖСН болмағандықтан мемлекеттік баж салығын төлемегендіктен, сот істі өндіріске қабылдаудан бас тартқан. Себебі оны алу үшін ресейлік паспорт қажет, ал ол ресейлік әскери бөлімде қалған.
Апелляциялық алқа да судьяның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Енді Санджиев БҚ-дағы адам құқықтары жөніндегі омбудсменнен де көмек сұраған. Ол БҚО жұмыспен қамту және бағдарламаларды үйлестіру басқармасын ғана емес, облыс әкімдігін де сотқа берген еді.