$ 498.34  519.72  4.85

«Халық қаһары»: Қостанай облысында лауазымды шенеунікке тиімсіз жұмысы үшін антимарапат берілді (ВИДЕО)

Жаңа адамдар бүкіл жауапты кісілерді, атқамінерлерді, депутаттар мен әкімдерді өз жұмысын сапалы әрі дер уақытта істеуге шақырады.
фото: Жаңа адамдар
фото: Жаңа адамдар

2020 жылы Қостанай облысындағы балалар ауруханасының жөндеу жұмыстары басталды. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 2021 жылы аяқталуы керек еді. Бұған миллиард теңгеден астам қаржы салынды, бірақ медициналық мекеме әлі күнде науқастарды қабылдамай жатыр.

Жергілікті үкімет пен мердігерлер соттарға батты. Атқамінерлер соттасып жатса, балалар өліп жатыр. Бас дәрігерінің орынбасары, Игорь Белобржицкийдің айтуынша, басқа ауруханаға көшкенде, неонаталдық орталықтағы өлім-жітім көрсеткіші 30%-ға дейін көтерілді. Мұндай салдарға бұзылған логистика мен ұйымдастыру үрдістері себепкер болды. 

Қостанай облысында денсаулық сақтау саласы үшін Данияр Джандаев жауапты. Қостанайлықтар дер кезінде керекті медициналық көмекті ала алмайтыны үшін жауапкершілік осы кісінің иығына түседі. Атқамінердің шабандығының кесірінен, біздің көз алдымызда қайғылы оқиға туындап жатыр. 

АНТИмарапат өз қаһарманына жетті. Жаңа адамдар, бүкіл қостанайлықтардың атынан, Джандаевті «қара таңбамен» марапаттады. «Антиоскар» құрылысы толығымен аяқталмаған ЖРК-нің бейнесін көрсетеді. Бұл өз ісіне немқұрайлықпен қараудың нышаны. Салмағы мен өлшемі бойынша марапат америкалық киноакадемияның марапатына тең. Ұқыпсыз атқамінердің үстелінде тұрып, осы мүсінше оған аяқталмаған ісін үнемі еске түсіреді деп үміттенеміз. 

Жаңа адамдар бүкіл жауапты кісілерді, атқамінерлерді, депутаттар мен әкімдерді өз жұмысын сапалы әрі дер уақытта істеуге шақырады. Ал бұған жете алмайтын, бірақ әлі де жауапты лауазымды иеленетін тұлғаларды «Халық Қаһары» антимарапаты күтеді. 

Қазақстан халқы өз антиқаһармандарын білуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары