$ 486.44  534.31  5.06

«Жазықсыз түрмеде отыр»: Павлодарлық кәсіпкердің анасы ұлының ісі қайта қаралуын сұрайды

Ол шаруа қожалықтарына қысым жасаған деп санайды.
Коллаж: Qaz365.kz
Коллаж: Qaz365.kz

Ақмола облысының шаруаларына 2018-2021 жылдары шаруаларына күн панельдерін жеткізумен айналысқан кәсіпкер  Медет Ахметов деген азамат 6 жылға сотталған. Оған алаяқтықпен айналысты, мемлекетке үлкен көлемде зиян келтірді деген айып тағылған. Қазіргі кезде жазасын Павлодар облысындағы түрмелердің бірінде өтеп жатыр.  Тағылған айыппен анасы, адвокаты келіспейді. Сондықтан Астанада журналистерді жинап, баспасөз мәжілісін өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qaz365.kz.

Анасы әрі қоғамдық қорғаушысы Ғалия Тоқбердиеваның айтуынша, баласы ақмолалық шаруаларға құдық қазып берген, күн сәулесі панельдерін орнатқан.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облыстық департаментінің тергеушісі менің ұлымның соңына шам алып түсті. Сосын шаруа қожалықтарына қысым көрсетіп, жалған ақпарат тартып, сол үшін соттап отыр. Медет мемлекетке ешқандай зардап келтірген жоқ. Бірақ сот 98 миллион теңгені қолды қылды деген шешім шығарды. Тағылған айып бойынша ұлымның әперген күн панелін шаруа қожалықтар пайдаланбай отыр дейді. Бірақ шын мәнінде олай емес. 150 шаруа қожалығына барлығымен жолықтым. Қай-қайсысы болсын қызығын көріп отыр», - дейді Ғалия Тоқбердиева.

Ол шаруа қожалықтарына қысым жасаған деп санайды. Тергеу жүріп жатыр, панельдерді пайдаланбай қоя тұрындар деген соң, кейбіреуі күте тұрған. Алайда сот аяқталса да, олар шаруа қожалықтарына қайта бармаған дейді.

«Іс бір жақты жүргізілді. Шаруа қожалықтарының қолхаты мүлдем қарастырылмады. Енді күн панельдерін алып кететін болсақ, олар көтерілеміз деп отыр. Шаруалар қысым жасалғанын сотта да, журналистерге де айтты. Бірақ сот мүлдем мән бермеді. Мемлекет күн панельдеріне 2,5 миллион теңге деген шектік баға қойды. Медет ол сомадан аспады. Ешқандай сараптама жасамай, соттап жіберді.
Сотталушы Медет Ахметовтің басында адвокаты басқа болған. Ал қазір белгілі заңгер Бауыржан Азанов өз қорғауына алған. Оның айтуынша, шаруа қожалықтары өздерін ешқандай жәбірленуші ретінде танып отырған жоқ. Мемлекетке де зардап келмеген. Артық баға қоймаған деп санайды.

«Медет Ахметов қылымыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотталған. Бұл алаяқтық. Бірақ қорғаушы ретінде айтарым – оның әрекетінде алаяқтық фактісі жоқ. Бірінші сатылық сотта Антикор мен прокуратура артық баға қою деген айып таққан жоқ. Ол үшін бірнеше сараптама жасап, қорытынды шығарылуы тиіс. Мұның бірі де болмаған. Екіншіден, жәбірленушілердің тарапынан арыздар да жоқ. Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы да сотқа ешқандай шағым түсірмеді. Анасы айтып отырған 98 миллион теңге туралы талап-арызды әлі көрмедік. Біздің қорғау тарабының сұрағы – осындай шешім шығарғанда сот қандай заңға сүйенді? Өйткені 190-бапқа сәйкес мемлекет аса ауыр зардап шегу қажет. Бұл жерде оның бірі де болған жоқ», - дейді Бауыржан Азанов.
Баспасөз мәжілісіне «Ақ жол» партиясының хатшысы Берік Дүйсембинов те келді. Ол былтырғы жылдың 5 айында прокуратура 100 мың кәсіпкердің құқығын қорғауға мәжбүр болған деп отыр. Өйткені елде кәсіпкерлерге жасалып жатқан қысым көп екен.

«Өзім өткен шақырылымда Мәжіліс депутаты болдым. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болдым. Сол кезде соттың әділетсіз шешімінен зардап шеккен азаматтар көп кездесті. Бұл әр түрлі салада болып жатқан жағдайлар. Кейбір кәсіпкерлер амалы таусылғанда өз-өзін өртеуге дейін барған. Бұл істе үкіметке келген зиян жоқ, жәбірленуші жоқ. Кез келген қылмыстық іс арыз жазылған тұста басталады. Бұл жерде ондай көрмей тұрмыз. Жазалаудың да шегі болуы тиіс», - дейді Берік Дүйсембинов.
Медет Ахметовтен күн панелін алған шаруа қожалықтарының бірі «Өнім» шаруа қожалығының жетекшісі Жаңабай Елеусізовтің айтуынша, Медет Ахметовке қарсы арыз жаздырып алған. Бірақ кейіннен сотта қысым көрсетілгенін айтқанда, оған екі түрлі ақпарат берді деп өзін айыптаған.

Анасы Ғалия Тоқбердиеваның айтуынша, бұл іс жалпы ауылға прокуратура қызметкері келген кезде басталған. Яғни жиналыс кезінде шаруа қожалықтарының жетекшілерінің бірі, 85 жастағы қария Медет Ахметовтің күн панелін уақытында жеткізбегенін айтқан. Бірақ арыз жазбаған. Осыдан кейін тексеріс басталып, ақыр соңы осылай сотталумен аяқталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары