$ 494.87  520.65  4.91

309 миллион теңге бөлінген: Антикор Шымкенттегі зообақ қызметін тексереді

Волонтерлер мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жүргізген.
Фото: bangkokbook.ru
Фото: bangkokbook.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Шымкенттегі хайуанаттар бағын тексеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, бұған зообақтағы жануарларға азық сатып алуға бөлінген қаржының жұмсалуы себеп болған. Волонтерлер мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жүргізген. Оның қорытындысы бойынша зообақта жануарларға қажетті етті өзге мемлекеттік мекемелерге қарағанда әлдеқайда қымбатқа алатыны анықталды.

Жалпы биыл мал азығына деп хайуанаттар бағына бюджеттен 309 миллион теңге бөлінген.   

Бұл жерде сиыр етін 2800 теңгеге келісін, қой етін 2500 теңгеге, ал жылқы етін 2900 теңгеге сатып алуды жариялап отыр. Бізді толғандырған сұрақ, неге бізде жануарларға бірінші сорттағы балғын еттерді қымбатқа сатып алуға көзделіп, балаларға, қарттарға, оңалту орталықтарындағы азаматтарға неге арзан еттер сатып алу жоспарланып отыр деген сұрақ туындап отыр, -  деді волонтёр Айжан Кесебаева. 

Зообақтың бас бухгалтері Назым Түйчиева да бұған қатысты пікір білдірді.

Төменгі сорттағыларды алатын болсақ, ол 2-3 күнде сүйегімен ойнап жатқан кезде ұшыну болуы мүмкін. Ол көптеген анализдің нашар шығуына алып келеді. Сол үшін бізде әр аңның түріне қарап, әртүрлі сорттағы еттер талап етіледі, - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары