Астанада полиция қызметкерлері дәмхана маңында жанжалдан кейін оқ атқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері елордадағы дәмхана маңында жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адамды анықтады.
Сараптамаға сәйкес, тапанша газ-травматикалық калибрлі 45 RUBBER, МП-80-13Т тапанша екені анықталды.
Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ 38 жастағы елорда тұрғынына тиесілі ВАЗ-2115 автокөлігінің салонын тексеру барысында полиэтилен пакеттерге оралған 435 дана көлемінде мефедрон есірткісінің ірі партиясы тәркіленді.
Бірқатар сараптама тағайындалды. Оның ішінде сот-химиялық сараптамалар да бар. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы қылмыстарға қатысы бар екі адам да УҰИ-ға қамалды.