10.09.2023, 07:30

Үсік, бұршақ, найзағай: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Фото: Pixabay
Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

«Қазгидромет» РМК 10 қыркүйекте күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысы мен орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының шығысында, күндіз батысында найзағай күтіледі. 10-11 қыркүйекте өңір орталығында, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.

Шымкент қаласында түнде найзағай ойнап, шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, түнде – облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, өңірдің батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста тұман болжанады. Күндіз шығыста бұршақ түсуі ықтимал. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз солтүстік пен батыста бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігі мен батысында найзағай күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде өрт тұтану қаупі жоғары.