Сыртқы істер министрлігі Түркияда Қазақстан азаматы ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Биыл 31 тамызда Бурса қаласында 1993 жылы туған ҚР азаматы түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр», -деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Мекеме ақпараты бойынша, ұсталған қазақстандық қыз 2018 жылдан бері Түркияда тұрған.
Ол қаза тапқан азаматпен бірге тұратын. Кезекті тұрмыстық ұрыс кезінде қыз оны пышақпен жаралап, мерт болған, - деп толықтырды СІМ.