10.09.2023, 22:30

Президент футболдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

Фото: Ақорда
Ұлттық құрамасының капитаны Президентке команда атынан доп сыйлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеңіс құтты болсын! Бүгін жақсы ойын болды. Шеберлік көрсеттіңіздер. Жұрт, бәрі риза, - деді Қ.Тоқаев.

Өз кезегінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Президентке алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады.