$ 494.87  520.65  4.91

Жетісу облысында балалар мекемелерінен бірқатар заң бұзушылық анықталды

Барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады.
Фото: afisha.uz
Фото: afisha.uz

Жетісу облысында балабақша, балалар лагері және мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемеден бірқатар заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, «Жансая» жазғы лагері (Алакөл ауданы) өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың қорытындысынсыз жүзеге асырғаны анықталды. Ал мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін «Сенім» мекемесінде (Сарқан ауданы) оқытушы болып жалған дипломы бар адам қызмет атқарған.

Прокуратура материалдары бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (көрінеу жалған құжатты пайдалану). Басқа да бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда жекелеген балалар мекемелерінде мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды, балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған (мәзірде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар жоқ), - деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Барлық дерлік мекемеде техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды. Барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары