$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 11 мыңға жуық адамға іздеу жарияланған – Бас прокуратура

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

Алматы қаласы - 287;

Қарағанды облысы-221;

Павлодар облысы-170;

Алматы облысы - 167 тіркелген.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

Үйден кетіп, оралмаған - 1 634 адам,

автокөлікпен жоғалған – 74,

жұмыстан кеткен-36.

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде.

Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (514)

Астана қаласында (185)

Шымкент қаласында (155)

Алматы (143)

Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары