$ 494.87  520.65  4.91

Ресей Премьер-министрі Қазақстанға келеді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

25-27 қыркүйекте «Иннопром Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның мақсаты – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу. Көрмеде Қазақстанның, Ресейдің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ Армения, Беларусь, Пәкістан, Түркия, Иран, Әзербайжанның ұлттық экспозициялары ұсынылады. Іс-шараға Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин мен Беларусь премьер-министрі Роман Головченко қатысады деп жоспарланған, - деді Смадияров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары