Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерді, оның ішінде Қазақстанды көлік құралдарды әкелуге тыйым салу туралы хабардар етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Шектеулер 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарына қолданылады.
Тәжікстан жыл сайынғы ауаның ластануының және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянының негізгі көзі болып табылатын ескі көліктердің әкелуіне, сондай-ақ ескі көліктерден қалдықтардың (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) айтарлықтай өсуіне жол бермеуге бағытталған жарлық әзірледі, - деп хабарлады ҚазСтандарт.
Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.