12.09.2023, 18:20

Президент кәсіпкерлік саласындағы басым міндеттерді атады

Фото: akorda.kz
Бизнестен күштік құрылымдардың әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар толассыз түсіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік саласындағы басым міндеттерді атады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Енді уақыт оздырмай шешуді талап ететін басым міндеттерге тоқталайын.БІРІНШІ. Заң үстемдігін және жеке меншіктің қорғалуын қамтамасыз ету қажет.Бұл – кәсіпкерлікті дамытудың және инвестиция тартудың негізгі шарты. Алайда оны мүлтіксіз сақтау үшін жүйедегі бірқатар түйткілді шешу қажет.Мәселен, бақылаушы органдар мен соттар заң бұзушылықтың формальды белгілерін анықтаған кезде, оның мән-жайын тексеру қағидатын басшылыққа алмайды. Кәсіпорын қызметіндегі кез келген, тіпті болмашы қателіктің өзі көбіне қылмыс сияқты қаралады. Нәтижесінде еліміздің экономикасы ұдайы қылмыстық-құқықтық қысымға ұшырайды«, - деді Мемлекет басшысы.

Ол осы жиынға қатысып отырған құқық қорғау органдарының басшылары бұл мәселеге айрықша назар аударғаны жөн екенін жеткізді. Өйткені, бизнестен күштік құрылымдардың әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар толассыз түсіп жатыр.

Қылмысқа, оның ішінде экономикалық сипаттағы қылмысқа қарсы күрес тек қана заң аясында жүргізілуі керек. Мұндай асырасілтеушілік мемлекеттің мүддесіне ғана қайшы келмейді, сонымен қатар Қазақстанның абырой-беделіне нұқсан келтіріп, менің бастамаларыма халықтың сенімін азайтады. Бізге қадағалаудың теңгерімді механизмін құру қажет. Мен бұған дейін әрбір маңызды инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын бақылау үшін қадағалаушы органнан бір қызметкерді бекіту туралы бастама көтердім. Алайда бұл мәселеде айтарлықтай нәтиже жоқ. Президент Әкімшілігіне Бас прокуратурамен және Бизнес-омбудсменмен бірлесе бір айдың ішінде тиісті ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді Президент.