$ 494.87  520.65  4.91

Таразда бюджеттен 115 млн теңге жымқырған шенеунік сотталды

Ұрлық фактісі 24 млн теңгеге контейнерлік платформаларды орнату кезінде болған.
Фото: © Тұрар Қазанғапов
Фото: © Тұрар Қазанғапов

Тараз әкімдігінің коммуналдық қызмет басқармасының бұрынғы басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Оған көмектескен кәсіпкер де жазаға тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Прокуратурада жүргізілген тексеру барысында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Т. мен «KazinCapital» ЖШС басшысы Ш.-ның бюджет қаражатын ұрлау дерегі анықталды.

Тараз прокуратурасының мәліметінше, ұрлық фактісі 24 млн теңгеге контейнерлік платформаларды орнату кезінде болған.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі «Қылмыстық топтың бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі мөлшерде иеленіп алуы немесе жымқыруы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті жүргізді.

Тергеу барысында басқа да ауыр мән-жайлар анықталды. Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру және бейнекамераларды орнату кезінде 91 млн теңгенің бюджет қаржысын ұрлау фактілері де анықталды. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 115 млн теңгені құрады, - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қалалық №2 соты Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т. мен кәсіпкерді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары